Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ҚАЗАЛЫДА ҚР ГАНДБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ КУБОГЫ АЯҚТАЛДЫ

ҚАЗАЛЫДА ҚР ГАНДБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ КУБОГЫ АЯҚТАЛДЫҚызылорда облысы, Қазалы ауданында гандболдан 2000 ж.т және одан кіші жастағы қыздар арасында ҚР гандбол федерациясының кубогы аяқталды.
Биыл бірінші мәрте ұйымдастырылған жарысқа Қызылорда қаласы мен барлық аудандардан 8 команда, 122 спортшы бақ сынасты.
Үш күнге созылған тартысты ойынның нәтижесі бойынша Қызылорда қаласының командасы көш бастады. Екінші орынды Қазалы ауданы иеленсе, үшінші орынды Жаңақорған ауданының командасы еншіледі.Ал, төртінші орын Қармақшы ауданынабұйырды.
«Үздік ойыншылар» - Татьяна Давыдова, Олеся Малышева, Феруза Ысқақова, Ксения Пупченкова, Жамира Нұрқожаева (барлығы Қызылорда қ.), Гүлжанат Бисен (Қазалы ауд.), Ботагөз Бақыт (Қармақшы ауд.). Жеңімпаз және жүлдегер командалар медаль, кубок,дипломдармен марапатталды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: