Үстіміздегі жылдың 28 және 29 наурызында Алматыда УЕФА делегациясы болды. Олардың мақсаты 12 маусым күні ЕУРО-2016 іріктеу турнирі аясында Қазақстан - Түркия матчы өтетін Орталық стадионның инфрақұрылымымен танысу.
28 наурызда УЕФА делегаттары, сонымен қатар Қазақстан футбол федерациясының өкілдері Орталық стадионды аралады. Делегаттар стадионның маусымда өтетін ойынға жалпы дайындығын атап өтті.
29 наурызда стадионның баспасөз орталығында УЕФА делегациясы ҚФФ вице-президенті, Кәсіпқой футбол лигасының төрағасы Олжас Абраевтың жетекшілігімен өткен жиынға қатысты. Басқосуда қалалық Ішкі істер департаменті, Дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілдері де болды.
- Стадионның іші-сырты өте әдемі сәнделген, - дейді УЕФА делегациясының өкілі Тим Туоми. – Маған трибуна астындағы ғимараттың ыңғайлы орналасуы мен бұқаралық ақпарат құралдарына арналған баспасөз залы ұнады.
- Біздің басты міндеттеріміздің бірі - стадионның инфрақұрылымын тексеру және қауіпсіздік, медициналық қызмет және төтенше жағдайларға байланысты кейбір ұйымдастыру сұрақтарының шешу, - деп атап өтті жиын барысында УЕФА делегаты Арно Саргсян.
Делегация жұмысына қазақстандық және түркиялық телеарналардың өкілдері де қатысты