Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қызылордалық спортшылар жеңімпаз атанды

Қызылордалық спортшылар жеңімпаз атанды№2 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде Ұлы Отан соғысының батыры Жәлел Қизатовты еске алуға арналған таеквондодан 1999-2001 жылдары туылған жасөспірімдер арасында  облыстық ашық біріншілік өтті.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген жарысқа Қызылорда, Байқоңыр қалалары мен аудандардан 11 команда бақ сынады. Жарыс нәтижесінде жалпыкомандалық есепте Жалаңтөс Баһадүр атындағы облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат топ жарды. Екінші орынды №1 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі иеленсе, үшінші орынды  Шиелі ауданының командасы еншіледі. 
Жекелей есеп бойынша ұлдар арасында жеңімпаз атанғандар: 45 келі: Руслан Мұхтаров (мектеп-интернат), 48 келі: Данияр Бұғыбаев (№1ОРМБЖМ), 51 келі: Сәрсен Баянияз (№1ОРМБЖМ), 55 келі: Дөнес Сыдықов (мектеп-интернат), 59 келі: Тахир Нәбиев (№1ОРМБЖМ), 63 келі: Досжан Жахмұров (мектеп-интернат), 68 келі: Ярослав Сарокин (Олимп), 78 келі: Олжас Нұрпейісов (Жалағаш ауданы), +78 келі: Талап Тастыбаев (Арал ауданы). 
Қыздар арасында жеңімпаз спортшылар: 42 келі: Нұрай Мұратқызы (мектеп-интернат), 44 келі: Ботагөз Қапанова (мектеп-интернат), 46 келі: Динара Әбдіржан (№1ОРМБЖМ), 49 келі: Гүлжан Мұхамеджанова  (Шиелі ауданы), 52 келі: Балнұр Сәрсенбай (мектеп-интернат), 55 келі: Сымбат Өміртаева (№2ОРМБЖМ), 59 келі: Арайлым Өмір (мектеп-интернат), 63 келі: Аружан Әбдіқадыр (Шиелі ауданы)










Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: