ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ӨРЕНДЕР ФУТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫНА ШАҚЫРЫЛДЫ
Футболдан «Жастар» республикалық турнирінің нәтижесі бойынша «Қайсар» футбол орталығының үш тәрбиеленушісі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының (U-17) үміткерлері тізіміне ілінді.
Жас футбол шеберлері – Бекзат Құрманбекұлы, Алмат Алтай және Аян Құлмағанбетов өз ойындарымен бапкерлер көңілінен шықты. Осылайша Қазақстан жасөспірімдер құрамасына қабылданды.
Ал Қазақстан жасөспірімдер құрамасының (U-18) үміткерлері қатарында тағы екі жерлесіміз – «Қайсар» Футбол орталығының тәрбиеленушілері Елжас Сарыбай мен Өркен Махан да бар. Бұл жігіттер үстіміздегі жылдың маусымында «Қайсардың» негізгі құрамында өнер көрсететін болады.