Шымкенттің "Ордабасы" командасы Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны барысында Румынияның "Брешов" клубымен жолдастық кездесу өткізген еді.
Өкінішке қарай, ойын небәрі 35 минөтке созылды. Румын футболшылары тарапынан тәртіпсіздік болуы салдарынан төреші кездесуді одан әрі жалғастырған жоқ. Бұл уақытта "Ордабасы" Қайрат Әшірбеков соққан голдан кейін 1:0 есебімен алда тұрған еді.