Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қызылордалықтар шайбалы хоккейден жеңімпаз атанды

Қызылордалықтар шайбалы хоккейден  жеңімпаз атандыАлматы қаласында шайбалы хоккейден халықаралық турнир өтті. Оған Астана, Алматы қалалары мен Алматы, Қызылорда облыстарынан және Бішкектен 5 команда, 2007 жылы туылған жасөспірімдер шеберлік байқасты. 
Нәтижесінде Қызылорда облысының командасы Алматы қаласының командасын 8:5 есебімен озып, жеңімпаз атанды. Жерлестеріміз  11 ұпаймен көш бастады. Екінші орынды 9 ұпаймен Алматы қаласы,  үшінші орынды 7 ұпаймен Бішкек қаласының командалары иеленді. 
Айта кетейік, Қызылорда облысының командасы жақында ғана Өскеменде өткен ел чемпионатының соңғы айналымында қола жүлдені еншілеген болатын. Команданы жарысқа шайбалы хоккейден облыстың аға жаттықтырушысы Талғат Әкімжанов пен Абай Сейтқасымов дайындады. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: