Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ИЛЬИН ДОПИНГ ІСІН ТЕКСЕРУГЕ ФРАНЦИЯҒА АТТАНБАҚ

ИЛЬИН ДОПИНГ ІСІН ТЕКСЕРУГЕ ФРАНЦИЯҒА АТТАНБАҚ

 

Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин допинг ісімен толық танысу үшін Францияға аттанады. Бұл туралы жеке бапкері Ержас Болтай Хабар арнасына берген сұхбатында мәлімдеді. 
– Допинг тексеру әдісіне қатысты күдік көп. Илья іріктеу принциптері туралы көп айтқан. Әрине, бізді ғана тексеріп жатыр деп айту қиын. Бүкіл әлемді тексеріп жатыр, – деді Е.Болтай.
Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) 2008 жылғы Пекин олимпиадасының сынамаларын қайта тексергенде допинг іздері табылған спортшылардың тізімін жариялады.
Тізімде Пекин олимпиадасында 94 килограмда чемпион атанған қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин де бар. IWF Ильиннің Пекиндегі сынамасынан станозол табылғанын хабарлады.
Осыған дейін Халықаралық ауыр атлетика федерациясы Лондон олимпиадасы кезінде алынған сынамаларды қайта тексергенде он атлеттің допинг қолданғаны расталғанын хабарлаған. Ол тізімде де Илья Ильиннің есімі болған.
Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) жариялаған «допинг сынамалары оң нәтиже берген» спортшылар тізімінде 2012 жылғы Лондон олимпиадасында алтын ұтып алған қазақстандық ауыр атлеттер қазақстандық Светлана Подобедова, Зүлфия Чиншанло және Мая Манеза да енген.
Енді бұл спортшыларды олимпиада медалінен айыру және Рио олимпиадасына жіберу мәселесін Халықаралық олимпиада комитеті шешеді.
Дерек көзі: Аламан порталы
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: