Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

"Байқоңыр" "Каспийді" қабылдайды

"Байқоңыр" "Каспийді"  қабылдайдыШілденің 11-і күні Қызылорданың «Локомотив» стадионында  «Байқоңыр»  «Каспий» (Ақтау) командасын қабылдайды. Ойын жергілікті уақытпен сағат 19:00-де басталады.
Бұл екі команданың ел біріншілігіндегі тұңғыш кезедсуі болып табылады. "Каспий" 1979 жылы "Труд" деген атаумен құрылған. Одан кейінгі жылдарда «Ақтау» (1990-1993), «Мұнайшы» (1993-1998), «Ақтау» (1999), «Маңғыстау» (2000-2001) деген атаулармен ойын көрсетті. 2002 жылдан бері «Каспий» атауын иеленіп келеді. Қазақстан Премьер (Жоғары) лигасында бес маусымда (1992, 1993, 1995, 1996, 2001) ойнады. Қалған жылдарда бірінші лигада ойнайды. Ал "Байқоңыр" 2014 жылы құрылған. 
Үстіміздегі жылы "Каспий" 22 ұпаймен 5 орында келеді. Ал 9 орындағы "Байқоңырдың" 11 ұпайы бар.
 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: