Футболдан Қазақстан кубогының 1/8 финалында Қызылордада "Қайсар" мен "Спартак" командалары кездесті. Бұл ойында қызылордалық футболшылар 1:0 есебімен жеңіске жетті.
Алексей Петрушин, «Спартак» ФК бас бапкері:
- Ойын біз үшін оңай болмайтыны әу бастан-ақ белгілі болған. Бас бапкері Дмитрий Огай бұрыннан жақсы досым. Оның командалары әрдайым сауатты ойнайды. Бүгін де «Қайсар» бізден басым болды.
- «Спартактың» алдына қандай мақсат қойылған?
- Біз жаңа маусымға дайындықты ақпан айында бәрінен кеш бастадық. Сондықтан, футболшылар әлі біріншілікке дайын емес. Жалпы, Премьер-лигада болмаған 10 жылдың ішінде Семейде футбол дәстүрі мүлдем жоғалған. Дегенмен, команда алдында Премьер-лигаға шығу мақсаты тұр.