Үстіміздегі жылдың 7-9 қараша күндері Астана қаласында каратэ-додан балалар мен жасөспірімдер арасында ҚР чемпионаты өз мәресіне жетті. Дүбірлі бәсекеге еліміздің барлық аймақтарынан 300-ге жуық каратэші қатысып, өзара шеберлік байқасты.
Аталмыш жарыстан Қызылорда облысының спортшылары 12 жүлдемен оралды. 3 алтын, 3 күміс, 6 қола медаль. Атап айтсақ, алтын медальді 10-11 жас аралығында өнер көрсеткен Әсемгүл Ердәулет, Бақдәулет Құбаш және Кемелбек Қабланбек (12-13 жас) жеңіп алды.
10-11 жас аралығында Бибарыс Қыдырәлиев, Бекжан Тұрар, 12-13 жас аралығында Фархад Жарылқасын күміс жүлдені еншілесе, Досжан Тұрар, Ерболат Бодық (екеуі де 10-11 жас), Әлішершәріп Қонысбек, Ақмарал Бекназар (екеуі де 12-13 жас) және ұлдар арасында Диас Молдабек, Алмас Жүзбай, Әлішершәріп Қонысбек, Кемелбек Қабланбек, Фархад Жарылқасындар командалық кумитэде, ал қыздар арасында Ақмарал Бекназар, Данара Жалғасбаева, Мерейлім Қалиевалар командалық кумитэде қола жүлдеге қол жеткізді.
№2 облыстық олимпиадалық резерв мектебінде және «Қажымұқан» спорт клубында жаттығатын спортшыларды жарысқа облыстың аға жаттықтырушысы Рүстем Әбжәмиев және жаттықтырушылар Талапберген Әбдіраманов, Рүстем Қараев, Нұржан Ақпанбет және Нұрбол Тойшыбаевтар дайындады.