Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Шиеліде қазақ күресінен турнир өтті

Шиеліде ауданы Талаптан ауылдық округінде қазақ күресінен 2007-2009 жылы туған  жасөспірімдер арасында ауданаралық турнир өтті. 

Турнир Қызыл Ту орденінің иегері Базарбай Орынбайұлын еске алуға арналды.
Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Есмаханов сөз сөйлеп, жас палуандарға сәттілік тіледі. 
Турнирге келер болсақ, оған 10 саламақ  дәрежесі  бойынша, 250-ге жуық палуандар қатысты. Атап айтсақ, Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда облыстарының палуандары оза шауып, жауырындары жер иіскемеді. Жарыс соңында жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталып, көпшіліктің қошеметіне бөленді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: