Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ЖАҢАҚОРҒАНДА ЖЕРЛЕСТЕРІ ҒАЛЫМЖАН ӨСЕРБАЕВҚА ҚОЛДАУ БІЛДІРЕДІ

ЖАҢАҚОРҒАНДА ЖЕРЛЕСТЕРІ  ҒАЛЫМЖАН ӨСЕРБАЕВҚА ҚОЛДАУ БІЛДІРЕДІЕртең, 19 тамызда Астана уақытымен 19.00-де Рио Олимпиадасында еркін күрестен 74 келі салмақта Ғалымжан Өсербаев бозкілемдегі белдесуге шығады. 
Ғ.Өсербаев Жаңақорған ауданының тумасы. Осыған орай аудан тұрғындары оған туған топырақта қолдау көрсетуге ниет танытып отыр. 
Бұл шараны ұйымдастыруға аудан әкімдігі қолдау білдірді. Сондай-ақ, аудандық мәслихат депутаты Арман Мәжитов, «Жастар ресурстық орталығы» КММ Жаңақоран аудандық бөлімі ұйымдастыруға атсалысты.
Осының нәтижесінде жергілікті жұртшылық өз жерлестері жарысқа түскен уақытта орталық алаңдағы ледэкранда тікелей эфирден оның бәсекесін тамашалауға мүмкіндік алады. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: