Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Еуропа лигасы: «Қайрат» пен «Ордабасының» қарсыластары анықталды

Бүгін Швейцарияның Ньон қаласында UEFA Еуропа лигасы бірінші іріктеу сатысының жеребесі тартылды. Доп додасында еліміздің атынан сынға түсетін Алматының «Қайрат» және Шымкенттің «Ордабасы» командаларының қарсыластары анықталды.
Алғашқы іріктеу сатысында «Қайрат» Арменияның «Ноа» командасымен шеберлік байқасады. Аталған клуб 2017 жылы құрылған. Биыл Армения чемпионатында күміс жүлдеге қол созып, оған қоса кубок иегері атанды. Еурокубок ойындарына тұңғыш мәрте қатысып отыр. 
Ал «Ордабасы» Румынияның «Боташани» клубымен кездеседі. «Боташани» 2001 жылы құрылған. Биыл өз елінде тұңғыш мәрте қола жүлдеге қол созды.  
Қазақстандық тағы бір клуб «Қайсар» турнирдің екінші сатысында алғашқы қарсыласымен шеберлік байқасады.
Биыл Еуропа лигасында іріктеу кезеңінде жеңімпаз бір ғана ойыннан анықталады. Кездесуде тең нәтиже тіркелген жағдайда жарыстың келесі сатысына берілетін жолдама иесі қосымша кезең немесе пенальти сериясы арқылы белгілі болады.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: