Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қызылордалық балуан – әлем чемпионы

Қызылордалық балуан – әлем чемпионыРесей қаласы – Оренбургте қазақ күресінен ересектер арасында өткен бесінші Әлем чемпионатында Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының тумасы Ғалымжан Әбдірахманов жеңіс тұғырына көтерілді. 70 келі салмақта өнер көрсеткен Ғалымжан 5 кездесуде де қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, Әлем чемпионы атанды.
Финалда қырғыз палуаны Мейірлан Ералиевпен белдесіп, екеуара бәсеке негізгі уақытта тең аяқталып, қосымша уақытта Ғалымжан таза жеңіске жетті. Жас та болса өзінің еңбекқорлығының арқасында осы жеңісіне қол жеткізген Ғ.Әбдірахмановты  білікті де білімді мамандар Әділбек Серікбаев пен Болат Кенеев жаттықтырады. Ол осы жарыстан ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындады. Дүбірлі додаға 25 мемлекеттің спортшылары қатысқан болатын.
Келесі жылы ақпан айында Қытайдың Шанхай қаласында қазақ күресінен 23 жасқа дейінгі жастар арасында болатын Әлем чемпионатына облысымыздан Ғалымжан Әбдірахманов, Айбек Серікбаев және Мақсат Исақабыловтар қатысады. Айта кетейік, негізі әлем чемпионаты 6 салмақ дәрежесінде өткізілсе, оның 3 салмағында біздің спортшыларымыз өнер көрсетеді. Қармақшы спорт клубының түлектері Ғалымжан, Айбек және Мақсат қазіргі таңда облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінде жаттығады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: