Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қазақстан қыздар құрамасы Бакуге жол тартады

17 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы Шымкенттегі оқу-жаттығу жиынын аяқтады. Оның қорытындысы бойынша Бакуде өтетін «Кубке Развития» турниріне қатысатын футболшылардың нақты тізімі белгілі болды.

Қазақстан қыздар құрамасы Бакуге жол тартады

 

Қазақстан қыздар құрамасы Алматы арқылы Бакуге жол тартады. Ол жақта Грекия (16 сәуір), Әзірбайжан (17 сәуір) және Грузия (19 сәуір) құрамаларымен кездеседі.
17 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы:
Қақпашылар  -  Фарида Сырлыбай (Ақтөбе), Дана Алмасбай (Астана)
Қорғаушылар – Әсем Жақсыбай (Ақтөбе), Ольга Волкова (БИІК), Рано Ақбаева (Ақтөбе), Дана Сұлтанбекова (Көкшетау), Құндыз Қожахмет (Ақтөбе), Айша Садықова (БИІК)
Жартылай қорғаушылар – Арайлым Орынбасарова (БИІК), Мәдина Әмірбек (БИІК), Анастасия Низамутдинова (БИІК), Виктория Попкова (БИІК), Айдана Серікбай (БИІК), Лаура Оразметова (Ақтөбе), Арай Қожан (БИІК)
Шабуылшылар  – Светлана Вахитова (БИІК), Аида Смағұлова (Астана), Айдана Жәутікова (Ақтөбе)
 Жаттықтырушылар штабы:
 Аға жаттықтырушы - Данияр Қайырбаев, аға жаттықтырушының көмекшісі  – Орынбасар Дәуренбекова, қақпашылардың жаттықтырушысы - Наталья Прилепа, Дәрігер – Ләззат Базарбаева. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: