Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Ирисметов "Қайсармен" Түркияға аттанды

Бүгін, 6 қаңтарда Қызылорданың "Қайсары" Түркияда екінші оқу-жаттығу жиынын бастады. Дайындық 20 қаңтарға дейін созылады. 
Дерек көздеріне сүйенсек, осы оқу-жаттығу жиыны барысында команда құрамы бірқатар жаңа ойыншылармен толығады деп күтілуде. Солардың қатарында елімізге белгілі футболшы Фархадбек Ирисметов те бар. Ол Дмитрий Огай "Ертіс" және "Тобыл" командаларына бас бапкерлік қызмет атқарған жылдарда сол ұжымдарда ойын көрсеткен еді. Өткен жылы ол маусымның алғашқы бөлігінде "Ордабасы" сапында ойнаса, келесі бөлігінде "Тобылда" ойын көрсетті. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: