«Сарыарқа» - шайбалы хоккейден Қазақстан кубогының иегері
Қарағандылық «Сарыарқа» шайбалы хоккейден Қазақстан кубогының биылғы иегері атанды.
Қарағандылық клуб финалда Көкшетаудың «Арланын» 3:0 есебімен тізе бүктірді. Нәтижесінде қатарынан үшінші мәрте кубокқа қол жеткізді.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, биылғы 10 қыркүйекте шайбалы хоккейден Қазақстан біріншілігі басталады. Онда барлығы 12 команда бақ сынайды деп күтілуде.
Біріншілік барысында «Ақтөбе», «Алматы», «Арлан», «Бейбарыс», «Горняк», «Ертіс», «Кұлагер», «Номад», «Сарыарқа», «Снежные Барсы» және «Торпедо» сайысқа түседі.
Сондай-ақ олардың қатарына өзбестандық «Хумо» командасы қосылады.