Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қызылордалық спортшы әлем кубогында жеңімпаз атанды

Таиланд астанасы - Бангкок қаласында (Тайланд) пара пауэрлифтингтен өтіп жатқан әлем кубогінде Қазақстан құрамасы сапында ойын көрсеткен жерлесіміз Станислав Шакиев жеңімпаз атанды.
Жарыстың бірінші күнінде 54 келі салмақ дәрежесінде  сынға түскен Сыр спортшысы алғашқы алтын медальді жеңіп алды. 
Токио-2021 Паралимпиада ойындарына  лицензия алу үшін Станислав маусым айында Дубай қаласында өтетін халықаралық  жарысқа қатысады.
С.Шакиев - ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2 дүркін Қазақстан жеңімпазы, Қызылорда облысының мүгедектерге арналған спорт клубының спортшысы.
Бапкерлері: облыстың аға жаттықтырушысы Бахытбек Рысбаев және жаттықтырушы  Мырзағали Ермаханов. 
Жалпы жарысқа 9 елден 60 -тан аса  спортшы қатысып жатыр. Қазақстан намысын бес спортшы қорғауда.  Әлем кубогі 8 мамырға дейін жалғасады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: