Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Тимур Сегізбаевтың атындағы турнир аяқталды

Тимур Сегізбаевтың атындағы турнир аяқталдыҚызылорда қаласында үстіміздегі жылдың 27-29 мамыр аралығында КСРО спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тимур Сегізбаевтың жүлдесіне арналған футболдан 2001-2002 жылдары туылған жасөспірімдер арасында республикалық турнир аяқталды. Биыл жетінші мәрте ұйымдастырылған турнирге Байқоңыр, Қызылорда қалалары мен аудандардан 8 команда қатысты.
Мақсаты - балалар мен жасөспірімдер арасында футбол ойынын дамыту, олардың спортпен тұрақты шұғылдануына ықпал жасау, салауатты өмір салтын насихаттау, жас футболшылар мен ардагер футболшылар арасында сабақтастықты жалғастыру.
Турнир нәтижесінде Қызылорда облысының №6 балалар мен жасөспірімдер футбол спорт мектебінің оқушылары көш бастаса, екінші орынды Жаңақорған ауданы, үшінші орынды Қазалы ауданының спорт клубы иеленді.
Жарыста «Үздік қорғаушы» номинациясы бойынша Али Бақыт, «Үздік жартылай қорғаушы» Аян Майтанов (екеуі де №6 футбол БЖСМ), «Үздік шабуылшы» Мырзахан Сайфулла (Жаңақорған ауданы), «Үздік қақпашы» Нұрым Қанатбай (Қазалы спорт клубы), «Үздік ойыншы» Қайсар Төлен (№6 футбол БЖСМ) марапатталды.
Сондай-ақ, турнирде үздік ойын көрсеткен бірнеше спортшылар мен жаттықтырушылар «Қайсар» футбол клубының арнайы сыйлықтарына ие болды. Атап айтсақ, Нұрболат Жолдасбек, Нұрсәт Сайлаубай (екеуі де №6 футбол БЖСМ), Дамир Тәуірбай (Қазалы спорт клубы), Рахат Рысбаев (Жаңақорған ауданы), «Үздік төреші» Айдос Қожабеков (Қызылорда қ.) және «Үздік жаттықтырушы» Ерлан Әптаев (Жаңақорған ауданы) марапатталды.
Жеңімпаз және жүлдегер командалар медаль, кубок, дипломдармен марапатталса, номинация иегерлеріне диплом мен естелік сыйлықтар табысталды.
Спортшыларды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Каленов, облыстық футбол федерациясының вице-президенті Болат Көшербаев, облыстық балалар мен жасөспірімдер футбол лигасының төрағасы Әмірбек Шаймағанбетов және «Қайсар» футбол клубының директоры Руслан Балтиев марапаттады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: