Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ОБЛЫСТЫҚ ФУТБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ОБЛЫСТЫҚ ФУТБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫҚызылорда облыстық федерациясының кезектен тыс конференциясы болып өтті. Онда федерацияның жаңа басшысын тағайындау мәселесі күн тәртібінде қаралды, деп хабарлайды Сейхун-инфо.
Бұл қызметке облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Садық Мұстафаев лайық деп танылды. Садық Шоңмұрынұлы Мұстафаев 1966 жылы 15 қарашада Жалағаш ауданының «Мәдениет» кеңшарында туған. Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтын (1991) дене шынықтыру және спорт оқытушысы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін (2009) «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген. 2005 жылдан бері Қызылорда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып қызмет атқарады.
Естеріңізге сала кетелік, облыстық футбол федерациясына бұған дейін облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Нұржан Әлібаев жетекшілік жасаған еді. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: