Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

"Қайсар" футбол клубы Сыр журналистерін құттықтады

"Қайсар" футбол клубы Сыр журналистерін құттықтадыБайланыс және ақпарат күніне орай, «Қайсар» футбол клубы бұқаралық ақпарат құралдарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, қиын-қыстау кезеңде де, жеңісті күндерде де командамен бірге болған Сыр журналистеріне клубтық футболкаларды табыстады.
Кешкі жаттығу қарсаңында орын алған шарада клубтың бас бапкері Дмитрий Огай және команда капитаны Мартин Кляйн қызылордалық журналистер Әлібек Байшүленов, Аида Батухан және Бақтияр Жаппасовты ортаға шақырып, құттықтады.
-Төртінші билік өкілдері, сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Әрдайым бізбен бірге болып келесіздер. Еңбектеріңізді жақсы бағалаймыз. Алдағы уақытта да «Қайсардың» халіне объективті түрде қарап, жақсы туындыларыңызбен бізді қуанта беріңіздер, - деді бас бапкер Дмитрий Огай.
Әлібек Байшүленов – ұзақ жылдар бойы республикалық және аймақтық баспасөздерде қызмет атқарған, «Қайсар» футбол клубының баспасөз қызметін басқарған, бүгінде «Петро Қазақстан» компаниясында қызмет атқарғанымен «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасында комментатор болып, «Қайсар» футбол клубының ойындарында репортаж жүргізіп отырады.
Аида Батухан – кәсіби спорт журналистикасына енді ғана бет бұрғанымен БАҚ айдынында «Қайсар» футбол клубының имидждік бейнесі үшін біраз еңбек сіңіріп үлгерді. «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасындағы «Сыр футболы» бағдарламасының жүргізушісі.
Бақтияр Жаппасов – мамандығы журналист болмаса да, кейбір БАҚ өкілдерінен артық жұмыс атқарып отырған, жанкүйерлер арасынан шыққан әуесқой фотограф. Суреттері «Қайсар» футбол клубының ресми сайтында, республикалық интернет сайттарында жарық көріп жүр. «В контакте» әлеуметтік желісіндегі «Степные волки» тобының әкімшісі.

 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: