Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ТЕННИСТЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АШЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

ТЕННИСТЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АШЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

 

Қызылорда қаласындағы «Нұрсәт» теннис орталығында теннистен «Қызылорда Мастерс» республикалық ашық турнир өтті. 
Аталмыш жарысқа Ақтөбе, Ақтау, Шымкент және Қызылорда қалаларынан 10 жасқа дейін жасөспірім ұлдар мен қыздар қатысты. 
Турнир қорытындысы бойынша ұлдар арасында қызылордалық Жақас Қозбақ турнир жеңімпазы атанса, шымкенттік Әділет Сауат күміс, қызылордалық Бекжігіт Минаж қола жүлделерді иеленді. 
Қыздар арасында ақтөбелік Эдельлис Нармаганбеттің мерейі үстем болды. Екінші орынды шымкенттік Амина Салибаева алса, үшінші орынды қызылордалық Ақерке Алданазар еншіледі. 
Микст ерекшелігі бойынша жерлестеріміз жақсы өнер көрсетті. 1-орынды Бекжігіт Минаж бен Ақерке Алданазар, 2-орынды Айдарбек Жадырасын мен Дамира Утебаева, 3-орынды Айсұлтан Жәдігер мен Нұрайлым Төлепбергендер иеленді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: