Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қызылордалық волейболшылар күміс жүлдегер атанды

Қызылордалық волейболшылар күміс жүлдегер атандыЖақында Павлодар облысы, Екібастұз қаласында 2000-2001 жылдары туылған жасөспірімдер арасында волейболдан Қазақстан Республикасының күзгі чемпионаты өтті. 
Еліміздің облыс орталықтарынан 10 команда, 130 дай спортшы қатысқан дүбірлі сайыста жерлестеріміз күміс жүлдені еншіледі. Бірінші орында – Павлодар облысы, үшінші орында – Шығыс Қазақстан облысы. 
Қызылорда облысының құрама командасының алға шығуына шиеліліктер Елжас Сапарбай, Расул Егенов, Аят Рамазанұлы, аралдық Жандос Шамаранов, қазалылық Бексұлтан Бекділдә, сырдариялықтар Асқар Балтабай, Азамат Ордабеков, Дәулет Кенжеғалиев, Нұрғиса Өтегенов, Жаңақорған ауданы, Түгіскен елді мекенінен Болатхан Шанжархан, Еркебұлан Сейдан, Наурызхан Ыбырайұлы, Сұңғат Кенжебек сынды волейболшылар өз үлестерін қосты. 
Команданы жарысқа Болат Рысмахан, Өтепберген Әбдіраманов, Батыр Бабаев, Марат Манаев, Жасұлан Бердібаевтар дайындады. 
Жасөспірімдер арасында облыстың аға жаттықтырушысы Болат Рысмаханның айтуы бойынша, спортшылар енді келесі жылдың қаңтар айында Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында болатын ҚР қысқы чемпионатына дайындалады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: