Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

«ҚАЙСАР» ТҮРКИЯДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ЖЕҢІСІНЕ ЖЕТТІ

«ҚАЙСАР» ТҮРКИЯДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ЖЕҢІСІНЕ ЖЕТТІТүркияда екінші оқу-жаттығу жиынында журген «Қайсар» командасы алғашқы жеңіске қол жеткізді. Біздің команда словакиялық «Искра Борчице» командасын 3-0 есебімен ойсырата жеңді. Бұл жайында "Қайсардың" баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Seykhuninfo.kz ақпарат агенттігі.
Қарсылас команда өз еліңдегі чемпионаттың бірінші лигасында былтырғы маусымда екінші орын алған. Естеріңізге сала кетейік, «Қайсар» 10 ақпаннан бастап Түркияда оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Аталған ойын жоспарланған төрт жолдастық кездесудің соңғысы болды. Өкінішке орай, алдыңғы ойындарда қарсыластардың жеңісімен аяқтағаның естеріңізге сала кетейік. Атап айтқанда, Украинаның «Карпатынан» 0:4, Румынияның «Волунтари» және Польшаның «Медь Легница» клубтарынан 0:2 есебімен жеңілген еді. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: