Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ШИЕЛІДЕ ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТПЕК

ШИЕЛІДЕ ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТПЕК14-15 желтоқсан күндері Қызылорда облысының Шиелі кентінде ҚР Тәуелсіздік күніне арналған Мұстафа Шоқай атындағы қазақ күресінен 1996-1997 ж.т. жастар арасында республикалық турнир өтізіледі. 
Биыл 10-шы мәре ұйымдастырылатын турнирге Алматы қаласы, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 12 команда қатысады. 
Жарыс 8 салмақ дәрежесінде өтеді. 
Жарыс соңында "Түйе палуандар" сайысы ұйымдастырылады. Жүлде қоры: 1-орынға жеңіл автокөлік. 2,3-орындарға ақшалай сыйақы беріледі.
Қазақ күресінен республикалық турнир 14 желтоқсан сағ. 10.00-де басталады, салтанатты ашылуы 12.00-де өткізіледі "Түйе палуандар" сайысы 15 желтоқсан сағ.11.00-де болады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: