Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Болат Есмағамбетов пен Әли Әлиев Қазақстан-Түркия матчында сарапшы болады

Болат Есмағамбетов пен Әли Әлиев Қазақстан-Түркия матчында сарапшы болады
«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы 12 маусым күні тікелей эфирде 2016 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турниріндегі Қазақстан - Түркия матчын көрсетеді. Эфирде комментаторлармен бірге екі сарапшы жұмыс істемек. Қазақ тілінде – Болат Есмағамбетов, орыс тілінде – Әли Әлиев. Бұл жөнінде Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі мәлім етті.
Болат Есмағамбетов Қазақстан, Ресей және Финляндияның бірқатап клубтарында ойнады. Семейлік «Елімай» мен павлодарлық «Ертіс» клубтарының намысын қорғады. Қазақстан Ұлттық құрамасының сапында 7 ойын өткізіп, үш гол соқты. Кейін семейлік «Елімай», қызылордалық «Қайсар» және қызылжарлық «Аксесс-Есіл» командаларын жаттықтырды.
Әли Әлиев қазіргі таңда петропавлдық «Қызылжар» командасының ойыншысы. Осы уақытқа дейін алматылық «Қайрат», павлодарлық «Ертіс», өскемендік «Восток», шымкенттік «Ордабасы» клубтарының намысын қорғады. Сонымен қатар, Түркияның бірінші лигасында «Акчаабат Себатспор», «Кайсери Эрджиесспор», «Карталаспор», «Диярбакырспор» командаларының сапында бес жыл ойнады. Қазақстан Ұлттық құрамасының жейдесінде екі матч өткізді.
Еске сала кетейік, 2016 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турниріндегі Қазақстан - Түркия матчы Алматының Орталық стадионында өтеді. Матчтың басталуы - 22:00.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: