Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

АЛМАС ӨТЕШОВ ӘЛЕМ БІРІНШІЛІГІНДЕ КҮМІС АЛДЫ

АЛМАС ӨТЕШОВ ӘЛЕМ БІРІНШІЛІГІНДЕ КҮМІС АЛДЫ

 

АҚШ-тың Хьюстон қаласында ауыр атлетикадан әлем чемпионатында жерлесіміз Алмас Өтешов 94 келі салмақта күміс жүлдегер атанды. 
Ол жұлқа көтеруде 172, серпе көтеруде 230 келіні көтерді. Қоссайыс нәтижесінде 402 келіні еншісіне жазды. Алмас осымен 2 дүркін Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Үстіміздегі жылы 27 жасты толтырған Алмас 2013 жылы Польшаның Вроцлав қаласында әлем чемпионатында да екінші орын алған еді. Сол жолы Алмас жұлқуда 175 келіні бағындырса, серпуде 222 келіні төбесіне көтерді. Қоссайыс қорытындысымен 397 келіні бағдындырған еді. Енді, міне, сол жетістігін 5 келіге жаңартып отыр. 
АҚШ-тағы әлем чемпионатында енді тағы бір жерлесіміз Александр Зайчиков ойын көрсетеді. Ол ертең 28 қараша сағат 05.30 жанкүйер алдына шығып, жарыс көрігін қыздырады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: