Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қызылордалық спортшы Еуропа кубогында жүлдегер атанды

Қызылордалық спортшы Еуропа кубогында жүлдегер атандыРесейдің Санкт-Петербург қаласында гір спортынан ересектер арасында Еуропаның ашық кубогы өтті. 
Жарыс нәтижесінде 14 мемлекеттен қатысқан байрақты бәсекеде Қазақстан спортшылары 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медальді олжалады. Соның ішінде жерлесіміз, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Нұрсұлтан Көлдеев намысты  қолдан бермей,  68 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдені иеленді. Ол серпе көтеруде 32 келі гір тасын 86 рет, жұлқа көтеруде 110 рет көтеріп, нәтижесінде 141,5 ұпай жинады. Ол бұған дейін екі мәрте Әлем чемпионатының қола жүлдегері (2013 ж. Ресей, 2014 ж. Германия), Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері (2014 ж. Эстония) және Әлем кубогының қола жүлдесін (2014 ж. Америка) иеленген. 
Сырдария ауданында Жасұлан Өмірбаевта шеберлігін шыңдап жүрген Нұрсұлтан 8-13 маусым аралығында Петропавлда болатын Қазақстан чемпионатына, одан кейін Болгарияда өтетін Еуропа чемпионатына дайындалады. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: