Қызылорданың «Байқоңыр» командасы Қазақстан Бірінші лигасындағы үшінші ойынын өткізді. Петропавлда жергілікті «Қызыл-Жармен» кездескен жерлестеріміз бірінші таймда тең ойнағанымен, үзілістен кейін қақпаларын голдан аман сақтап қала алмады.
Енді «Байқоңыр» келесі ойынын 9 мамыр күні Қызылорда қаласында Семейдің «Спартак» командасына қарсы өткізеді. Ойын «Локомотив» стадионында сағат 15:00-де басталады.
«Қызыл-Жар» – «Байқоңыр 2:0
Голдар: Әбдікәрімов, 66. Набиев, 86.
Ескертулер: Дүйсенбаев 23, Дуйсембаев 67, Таңатқанов 76, Ысқақов 86
Қызыл-Жар СК: Нестеренко (к), Прокопенко, Костров (Чагелишвили 46), Ә.Әлиев, Боровский (Набиев 85), Элхаджи, Мусса (Головешкин 90+1), Әбдікәрімов (Джанаришвили 89), Аитов, Соколенко, Гунченко
Резерв: Щеткин, Мокроусов, Сидоров
Байқоңыр: Таңатқанов, Алтаев, Төлегенұлы, Көшеков, Бекбанов, Дүйсенбаев (Ысқақов 86), Пахаев (Тілеуқабылов 26), Рустемов, Исмаилов (Эсонов 84), Қарабек (к) (Төлегенов 71), Дүйсембаев
Резерв: Тілеуов, Рахметов, Исмаилов
Төрешілер: Московченко (Павлодар), Гриценко (Қостанай), Русяев (Қарағанды)
3 мамыр. Петропавл. "Қарасай" стадионы. 5 200 көрермен.