Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қызылордада Ұлттық спорт түрлерінен республикалық фестивалі ашылды

Қызылордада Ұлттық спорт түрлерінен республикалық фестивалі ашылдыҚызылордада Ғани Мұратбаев атындағы орталық стадионда Қазақ хандығының 550 жылдығына және Қазақстан хал­қы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған  ұлттық спорт түрлерінен IV республикалық фестивальдің салтанатты ашылу рәсімі болып өтті.
Облысымызды дүбірге бөлеген фестиваль қатысушыларын облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Әбіл Донбай және Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан құттықтады.
Ұлттық спорт түрлерінен IV республикалық фестиваль жалауын көтеру құрметі қазақ күресінен облыстың 15 дүркін Түйе палуаны, 1977 жылғы Қазақстанның абсолюттік чемпионы Жалдыбаев Абылайға берілсе, фестиваль алауын жағу құрметі қазақ күресінен тұңғыш Қазақстан барысы Ұлан Рысқұлға бұйырды.
Төрешілер атынан сөз алған тоғызкұмалақтан КР енбеги сіңген жаттықтырушысы Айнұр Жақапбаева спорттық сайыстарды әділ жүргізуге ант берді. Ал, спортшылар атынан қазақ күресінен Әлем чемпионы Бауыржан Райсов ант берді.
Еске сала кетейік, биылғы 4 жылда бір рет өтетін фестивалға Қазақстанның 14 облысы мен Алматы және Астана қалаларынан 2000-ға жуық спортшы қатысуда. Жарыстар спорттың 13 түрі бойынша өтуде: 
Аламан бәйге – 25 шақырым, тоқ бәйге – 16 шақырым, құнан бәйге – 7 шақырым, көкпар, аударыспақ, теңге ілу, қыз қуу, тоғызқұмалақ, асық ату, қазақ күресі, құсбегілік, жамбы ату, жекпе-жек. Фестивальдің жабылу салтанаты «Нұрсәт» теннис орталығында 20 қазан сағат 16.00-де өтеді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: