Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қызылордалық дзюдошы әлем чемпионы атанды

Қызылордалық дзюдошы әлем чемпионы атандыМағжан Шәмшәдин дзюдодан жастар арасында Әлем чемпионы атанды. Бұл жайында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлады.
Сайыста Мағжан 55 келі салмақ дәрежесінде сынға түсті. Ол барлық кездесуінде жеңіске жетіп, әлем чемпионы атанды. Ол финалда Оңтүстік Корея елінің спортшысы Ха Рим Лиді «иппон» әдісімен ұтты. Мағжан финалға дейін өзбекстандық Достон Рузиевті, армениялық Ваган Ховсепянды, әзірбайжандық Натиг Гурбанлиді, жартылай финалда грузиялық Ираклий Купанадзені ұтты.
 Мағжан Шәмшәдин Қазақстаннан шыққан жастар арасындағы екінші Әлем чемпионы. Оған дейін Елдос Сметов 2010 жылы дәл осы салмақта (55 келі) жеңіске жеткен еді.
Осылайша, Мағжан Қазақстаннан шыққан жастар арасындағы екінші Әлем чемпионы. Оған дейін Елдос Сметов 2010 жылы дәл осы салмақта (55 келі) жеңіске жеткен еді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: