Қыркүйек айының 12 жұлдызы күні Отбасы күнін мерекелеу аясында Аудандық ішкі саясат бөлімі, «Жастар ресурстық орталығы» КММ Жалағаш аудандық бөлімі, Жалағаш ауданы жастарының «Темірқазық» қоғамдық бірлестігі және №201 орта мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен жас отбасылар арасында «Толағай» отбасылар сайысы болып өтті. Жарысқа Мұхамбетқалиевтар, Сәрсенбаевтар, Ізбасаровтар, Абатовтар, Сәндібековтер, Жалғасовтар сынды жас отбасы қатысып, өз бақтарын сынады.
Сайыс барысында кедергілерден өтіп, төсенішке аунап өту, қаппен жүгіру, ұзындыққа секіру т.б. бірнеше кезеңдерден тұрды. Отбасылар сайысына қазылар әділ бағаларын берді. Жас отбасылар өздерінің отбасыларының ауызбіршілігі мен ұйымшылдығын көрсете білді. Сайыста тапқырлықпен өз қарсыластарын жеңген жеңімпаз отбасы «Мұхамбетқалиевтар» I орынды иеленсе, ІІ орынды «Сәрсенбаевтар» отбасы қанжығасына байлады. Ал, ІІІ орынды «Ізбасаровтар» отбасы жеңіп алды. Жеңіске деген қадаммен бақтарын сынаған сайысқа қатысушы жас отбасылар бағалы сыйлықтар және де Алғыс хаттармен марапатталды.