Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Дзюдодан халықаралық турнир аяқталды

Дзюдодан халықаралық турнир аяқталдыҚызылорда қаласында үстіміздегі жылдың 3-4 қазан күндері  Қармақшы ауданының құрметті азаматы Болатбек Сүлейменовты еске алуға арналған  дзюдодан 1996-1997 жылдары туылған жастар арасында дәстүрлі халықаралық турнир өтті.
Биыл он бесінші мәрте ұйымдастырылған дүбірлі бәсекеге елміздің 11 облысынан және Өзбекстан елінен 247 татами шеберлері қатысып, 16 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салды.  Оның 45-і қыздар, 202-сі ұлдар. 
Турнирдің мақсаты – Қармақшы ауданының құрметті азаматы Болатбек Сүлейменовты еске алу, салауатты өмір салтын насихаттау, жастар арасында дзюдо күресін кеңінен насихаттау, жас палуандардың шеберлігін шыңдау. 
Болатбек Сүлейменов 1938 жылы Қармақшы ауданының Алдашбай ахун ауылында дүниеге келген. Көп жылдар бойы  шаруашылық, партия органдарында  қызмет жасап, ауданның экономикалық-әлеуметтік дамуына елеулі үлес қосқан азамат.
Үздіксіз қызметіндегі қол жеткен табыстары үшін «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен, «Еңбекте үздік шыққаны үшін» медалімен, Қазақ ССР-нің Жоғары кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталған. Қармақшы ауданының мәслихатының қаулысымен 1998 жылы «Қармақшы ауданының Құрметті азаматы» атанды.   
Жарыстың салтанатты ашылуында "Нұр Отан" партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Байқадамов Наурызбай, ҚР дзюдо федерациясының атқарушы директоры Самат Жылқыбаев, ҚР Парламенті Сенатының 2 шакырылым депутаты Бақберген Досманбетов және Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы Анатолий Петренко жарысқа қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі. 
Сондай-ақ,  дзюдо күресінің дамуына үлес қосқаны үшін Б.Сүлейменовтың ұлы Сағатбек Сулейменовке ҚР дзюдо федерациясының алғыс хаты және естелік медалі табысталды.
Қыздар арасында :
44 келі
1-орын Малика Алпысбай (Қызылорда)
2-орын Ақбота Ермашова (Қызылорда)
3-орын Шапағат Нартай (Қызылорда) 
48 келі
1-орын Салтанат Сұлтанбекова (Қызылорда)
2-орын Аида Ермаш (Қызылорда)
3-орын Ұлбосын Мүсілім (ШҚО)
52 келі
1-орын Анар Асылханова (ШҚО)
2-орын Гулбибі Медетбай (Қызылорда)
3-орын Тоғжан Әсембек (Қызылорда) 
57 келі
1-орын Динара Әбілдаева (Алматы) 
2-орын Арайлым Ханзада (Қызылорда)
3-орын Нәбира Сламбекова (Қызылорда)
3-орын Сануыбу Жұмашева (Жамбыл)
63 келі
1-орын Гулдерайым Алмағанбет (Қызылорда)
2-орын Жанель Набиева (Алматы)
3-орын Мархабат Бахытбекова (Қызылорда)
3-орын Әйгерім Жұмадилла (Қызылорда)
70 келі
1-орын Анель Сүлейменова (Атырау)
2-орын Нұрсұлу Рахман (Жамбыл)
3-орын Айша Мұратқызы (Атырау)
3-орын Ақниет Тұрдан (Алматы)
78 келі
1-орын Эльмира Самиголлаева (Атырау)
2-орын Назерке Тілеуханова (Алматы)
3-орын Назерке Құсайын (Алматы)
+78 келі
1-орын Гулида Көбей (ОҚО) 
2-орын Нұрсая Өтеп (ОҚО)
3-орын Назерке Орынбай (Қызылорда)
Ұлдар арасында:
55 келі
1-орын Арман Жалғасбекұлы (Қызылорда)
2-орын Хуршид Кодиров (Өзбекстан) 
3-орын Данияр Қабыланбек (ОҚО)
3-орын Салих Шарип (Ақтөбе) 
60 келі
1-орын Дамир Абдеков (Қызылорда) 
2-орын Асылжан Есенкелді (Қызылорда) 
3-орын Бахыт Аманкелді (Алматы)
3-орын Дамир Бекесов (Алматы) 
66 келі
1-орын Надыр Тұрғұнов (ОҚО)
2-орын Жанболат Бақытбергенов (Қызылорда) 
3-орын Ержан Теміржанов (ШҚО)
3-орын Еламан Сұлтанбай (Алматы) 
73 келі
1-орын Баходир Панжеев (Өзбекстан)
2-орын Нуркобил Нұрәлиев (Өзбекстан)
3-орын Нұрсұлтан Иса (Қызылорда)
3-орын Ислам Шагиров (Алматы)
81 келі
1-орын Ғабит Даулетбаев (ШҚО)
2-орын Фархад Серіков (Атырау) 
3-орын Диас Серік (Алматы)
3-орын Марлен Маратов (ШҚО) 
90 келі
1-орын Бегзод Уктамов (Өзбекстан) 
2-орын Райымбек Ашыкбаев (Атырау) 
3-орын Айдос Майдан (Алматы)
3-орын Әбікен Абихай (Алматы)
100 келі
1-орын Арман Иргалиев (БҚО)
2-орын Урап Хусанов (Өзбекстан) 
3-орын Мухамодали Ражабов (Өзбекстан)
3-орын Нұрғали Темірхан (ОҚО) 
+100 келі
1-орын Әліби Жұмаділдаев (ОҚО) 
2-орын Нұрдәулет Жарылғапов (Маңғыстау)
3-орын Нұрбек Әмірәли (ОҚО)
3-орын Орынбек Қонысов (Маңғыстау). 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: