Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қазақстан қыздар құрамасының ойын кестесі анықталды

Қазақстан қыздар құрамасының ойын кестесі анықталдыҚазақстан әйелдер құрамасының 2017 жылы өтетін Еуропа Чемпионатының іріктеу турниріндегі ойын кестесі белгілі болды. Бұл жайында Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі мәлім етті.
17.09.2015 Қазақстан-Австрия
22.09.2015 Қазақстан -Норвегия
22.10.2015 Израиль- Қазақстан
26.11.2015 Уэльс- Қазақстан
06.04.2016 Австрия- Қазақстан
12.04.2016 Қазақстан -Уэльс
02.06.2016 Қазақстан -Израиль
15.09.2016 Норвегия- Қазақстан
Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Калоян Петков Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне жеребе қорытындысы және күнтізбеге байланысты пікірін білдірді.
- Біз ең мықты топқа түстік. Австрия құрамасы - ескі таныс. Норвегия құрамасы - Әлем Чемпионатының қатысушысы. Уэльс құрамасының рейтингі бізден жоғары. Ал, Израиль футболшыларымен бұған дейін кездесіп, екі рет 0:1 есебімен ұтылып қалдық, - дейді болгариялық маман. - Биыл төрт матч өткіземіз, алғашқы екі ойында өз алаңымызда топтың көшбасшылары Австрия мен Норвегия құрамаларын қабылдаймыз. Кейін сырт алаңда Израиль және Уэльс футболшыларымен кездесеміз. Көп ұпай жинауға тырысамыз.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: