Белгілі футбошы Криштиану Роналду қаңғыбас кейпін еніп Мадридтің орталық көшелерінің бірінде жүрді. Сақал-мұрты өсіп кеткен, киім көнетоз адамды жұрттың бірі футбол жұлдызы деп мүлдем ойлаған жоқ.
Ол қала көшелерінің бірінен жасөспірімді кездестірді. Оны таңғалдыруға тырысты. Сәлден кейін қаңғыбас кейпінен ажырап, өзінің кәдімгі бет-бейнесіне келді. Сонда жасөспірім ерекше көңіл-күйге бөленіп, өзінің қуанышын жасыра алған жоқ. Португал футболшысы жасөспірімге допқа қолтаңба қойып сый жасады.