Бүгін, 15 сәуірде футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 7-ші турында Қызылорданың "Қайсары" өз алаңында "Тараз" командасына 1:3 есебімен жеңіліп қалды.
Ойын соңынан кейінгі баспасөз мәслихатында «Қайсар» ФК бас бапкері: Дмитрий Огай қойылған сауалдарға төмендегіше жауап берді:
- Біріншіден, өз алаңымызда осылайша жеңіліп қалғанымыз үшін жанкүйерлерден кешірім сұраймын. Енді неліктен мұндай ойынға жол бергенімізді толыққанды саралап, зерттеуіміз керек. Қонақтар бүгін жақсы ойнады. Ал «Қайсар» ойыншыларына не болғанын түсінбей қалдым. Құдды бір, алаңда хаос орнаған сияқты көрінді. Жеңіліс үшін бар кінәні өз мойныма аламын.
- «Қайсардың» біраз қорғаушысы бүгін командаға көмектесе алмады. Бәлкім, осының кесірінен ұтылып қалған шығармыз?
- Бүгін жарақаттарына байланысты Қайрат Нұрдәулетов, Фархадбек Ирисметов, Алдан Балтаев сынды жігіттер хаттамаға енбей қалды. Ал Дамир Дәуітов пен Пламен Димовтың жарақаттары мүлдем ауыр. Бірақ бұл ақталуға себеп емес. «Тараздың» да бірқатар ойыншысы болған жоқ. Не себептен ұтылғанымызды артынан саралаймыз.