Қазақстан футбол федерациясының Тәртіптік-бақылау комитеті 15 тамыз күні өткен Премьер-лиганың 23-туры аясындағы «Қайсар» - «Тараз» кездесуі бойынша қайсарлық Сергей Кейлер мен тараздық Изу Азуканың жөнсіз әрекеттері мынадай шешім шығарды.
Ал қарсыласын ұруға әрекеттенгендері үшін «қайсарлық» Сергей Кейлер мен «тараздық» Изу Азука үш ойыннан аластатылды. Ойыннан кейінгі сұхбат барысында Изу Азука қарсыласы Сергей Кейлер "Мағаннәсілшілдік кемсітушілік көрсетті" деп айыптаған еді. Оған Сергей Кейлер "Менің тарапымнан ешқандай ондай әрекет болған жоқ" деген жауабын қайтарды. Дегенмен, оның ақ-қарасын ешкім аша қойған жоқ.
"Қайсар" одан бері 23 тамызда сырт алаңда Көкшетаудың "Оқжетпесімен" шеберлік байқасты. Енді С.Кейлер 13 қыркүйекте өз алаңында өтетін Қостанайдың "Тобылы" мен сырт алаңдағы Қарағандының "Шахтер" командалары арасындағы кездесулерге қатыса алмайды.