Төрелік ету және қадағалау департаменті ҚР Кубогының 1/4 финалының матчтарына қазылық ететін төрешілерді анықтады. Бұл жөнінде федерацияның баспасөз қызметі хабарлады.
Аталмыш жарыста "Қайсар" мен "Астана" арасындағы кездесуге Тад\лдықорған қаласының төрешісі Денис Измайлов қазылық етеді. Оған тараздық Александр Полуэктов пен алматылық Алексей шабанов көмекшілік жасайды. Резерв төреші – қызылордалық Серік Жаппасбаев. Ойынның инспекторы – өскемендік Павел Салий.