Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Плей-офф кезеңінде «Қайрат» «Бордомен» кездеседі

Еуропа лигасы плей-офф кезеңінің жеребесі тартылды. Алматының "Қайраты" Францияның "Бордо" командасымен күш сынасады. 

 

Алғашқы ойын Францияда 20 тамызда өтеді. Қарымта кездесу 27 тамызда Алматыда болады.
Енді қарсыласымыз жөнінде әңгімелей кетелік. Команданың толық атауы – «Жиронде́н де Бордо́». Жанкүйерлер көп жағдайда оны қысқартып "Бордо" деп атайды. Клуб 1811 жылы құрылған. "Бордо" 6 мәрте Франция чемпионы атанған. Бұл  1950, 1984, 1985, 1987, 1999 және 2009 жылдары болды. Өз алаңындағы ойындарын «Шабан-Дельма» стадионында өткізеді, ол Бордо қаласының бұрынғы мэрі Жака Шабан-Дельманың құрметіне қойылған. 2015/2016 жылғы футбол маусымынан бастап қонақ командаларды 43 мың адамға арналған «Стад Бордо Атлантик» стадионында қабылдайды. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: