Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қазақстан құрамасы Ресеймен тең түсті

Қазақстан құрамасы 31 наурызда Мәскеуде Ресеймен жолдастық кездесу өткізді. Аталмыш ойында 0:0 есебі тіркелді.

Қазақстан құрамасы Ресеймен тең түсті

 

Осыдан жеті жылдай бұрын, 2008 жылы екі құрама шеберлік байқасқан еді. Аталмыш ойында біздің футболшылар қауқарсыздық танытып, 0:6 есебімен жеңіліс тапты. Мамандар бұл жолы да сондай ірі есеп тіркеледі деп болжады. Дегенмен, олардың жорамалы дұрысқа шыққан жоқ. Осылайша Қазақстан құрамасы бұдан бұрынғы өз алаңында Исландиядан 0:3 есебімен жеңілгенін жуып-шайғандай болды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: