Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

«АСТАНАНЫ» ЖЕҢГЕН «СЕЛТИК» ИЗРАИЛЬ КЛУБЫМЕН КЕЗДЕСЕДІ

«АСТАНАНЫ» ЖЕҢГЕН «СЕЛТИК» ИЗРАИЛЬ КЛУБЫМЕН КЕЗДЕСЕДІ Бүгін, 5 тамызда Швейцарияның Ньон қаласындағы УЕФА-ның штаб пәтерінде Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Seykhuninfo.kz тілшісі. 
Жарыстың үшінші іріктеу кезеңінде Қазақстанның «Астана» клубын орта жолда қалдырған Шотландияның «Селтик» командасының қарсыласы белгілі болды. Енді шотланд футболшылары «Хапоэль» (Беэр-Шева) клубындағы әріптестерімен шеберлік байқасады. Алғашқы ойын Глазгода өтсе, қарымта кездесу қонақта болады. 
Сондай-ақ, Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңінде сынға түсетін командалар төмендегіше жұп құрады:  
 «Лудогорец»  (Болгария) – «Виктория Пльзень»  (Чехия);
«Селтик»  (Шотландия) – «Хапоэль Беэр-Шева»  (Израиль);
«Копенгаген»  (Дания) - АПОЭЛ (Кипр);
«Дандолк»  (Ирландия) – «Легия» (Польша);
«Динамо Загреб»  (Хорватия) – «Зальцбург» (Австрия);
«Стяуа»  (Румыния) - "Манчестер Сити" (Англия);
"Порту" (Португалия) – «Рома«» (Италия);
«Аякс» (Нидерланды) - «Ростов»  (Ресей);
«Янг Бойз» (Швейцария) – «Боруссия Менхенгладбах»  (Германия);
«Вильярреал»  (Испания)  – «Монако» (Франция).
Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңінің алғашқы ойындары 16/17 тамыз күндері өткізілсе, қарымта кездесу 23/24 тамызда болады. 
Енді шамалы уақыттан кейін Еуропа лигасы плей-офф кезеңінің жеребесі тартылады. Онда «Астана» өз қарсыласын анықтайды. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: