«Евразия» спорт кешенінің бассейнінде жүзуден облыстық турнир ұйымдастырылды. Оған 9-14 жас аралығындағы жасөспірімдер қатысты.
Турнир нәтижесінде бірінші топта ұлдар арасында Дархан Яхын 25 метрге жүзуден топ жарса, Дмитрий Колесников 50 метрлік қашықтықта мерейі үстем болды. Қыздар арасында 25 метрге жүзуден Айжан Байзақ жеңімпаз тұғырына көтерілсе, 50 метрге Даяна Федосова алтыннан алқа тақты.
Екінші топта ұлдар арасында 25 метрге жүзуден Қажымұқан Ермұратов бірінші болса, қыздар арасында Арайлым Әбдіраман турнир жеңімпазы атанды.
Майкл Фелпс – АҚШ спортшысы. Суға жүзу спортынан Олимпиадада 18 мәрте алтыннан алқа таққан жампоз. Жас өрендерге сондай саңлақтың жолын берсін демекпіз.