Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қазақстан жастар құрамасы Албанияны ұтты

Қазақстан жастар құрамасы Албанияны ұттыҚазақстан жастар құрамасы Болгарияда оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Саулюс Ширмялис шәкірттері жолдастық матч өткізді. Бұл жайында Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі.
Қазақстандық команданың қарсыласы Албания жастар құрамасы болды. Бірінші таймның қорытындысы бойынша Абат Әйімбетов дубль жасап, Берік Шаихов бір голды еншісіне жазды. Ал, екінші таймда біздің футболшылар қақпасына бір гол өткізіп алды. Қорытынды есеп - 3:1. 
Қазақстан жастар құрамасы сапында алаңға шыққан футболшылар: Павлов, Старцев, Рудосельский, Аслан, Сартаков, Төлиев, Балтабаев, Шаихов, Жалмұқан, Сүлей, Әйімбетов.
Еске сала кетейік, Қазақстан жастар құрамасының оқу-жаттығу жиыны 16 маусымға дейін жалғасады. 
 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: