Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

"Байқоңырды" Қызылорда қалалық әкімдігі қаржыландырады

"Байқоңырды" Қызылорда қалалық әкімдігі қаржыландырадыБиылғы жылдың басында облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қолдауымен құрылған Қызылордада "Байқоңыр" футбол клубы келесі жылы бірінші лигада аймақ намысын қорғайды. Сондай-ақ, алдағы уақытта команданы қаржыландыру мәселесі толықтай шешілмек.
"Қайсардың" баспасөз хатшысы Әзиз Оразбаевтың айтуынша, "Байқоңырдың" құрамы кілең жергілікті қазақ жігіттерінен жасақталды. Бас бапкері – Құттыбай Досманбетов. "Негізі, заңды жағынан алар болсақ, "Байқоңырдың" "Қайсар" футбол клубына қатысы жоқ. Яғни, жеке заңды тұлға. Келесі жылы Қазақстан Республикасының Бірінші лигасында өнер көрсететін "Байқоңырды" Қызылорда қалалық әкімдік қаржыландыратын болады" дейді Ә.Оразбаев. 
Әлбетте, аталмыш екі клуб бір-бірінен бөлек, заңды тұлғалар болғанымен "Байқоңыр" футболшылар үшін "Қайсар" футбол клубына жолдама бермек. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: