Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Футболдан және волейболдан аймақтық чемпионат аяқталды

Футболдан және волейболдан аймақтық чемпионат аяқталдыБүгін, "Евразия" спорт кешенінде прокуратура органдары, мекемелері және ведомство қызметкерлері арасында шағын футболдан және волейболдан аймақтық чемпионат аяқталды.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне, Прокуратура күніне және ҚР Бас Прокурордың кубогына арналған
Оған Алматы қаласы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстарынан 4 команда қатысты. Екі күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша шағын футболдан Жамбыл облысының командасы жеңімпаз атанса, екінші орынды - Оңтүстік Қазақстан, үшінші орынды - Қызылорда облыстарының командалары иеленді. Жарыста 1,2 орынды иеленген командалар Жамбыл облысының орталығы – Тараз қаласында болатын ақтық сынға жолдама алды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: