Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қазақстан қыздар құрамасы халықаралық турнирге қатысады

Үстіміздегі жылдың 15-19 сәуірі аралығында Әзірбайжан астанасы Бакуде УЕФА-ның «Кубок Развития» турнирі өтеді. Халықаралық жарысқа 16 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы қатысады.
Қазақстандық футболшылардың қарсыластары Грузия, Әзірбайжан және Грекия құрамалары болмақ.
Данияр Қайырбаев жаттықтыратын құрама бүгін, 8 сәуір күні Шымкент қаласындағы «БИІК» футбол орталығына жиналды.
16 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасының кеңейтілген тізіміне келесі футболшылар енді:
Қақпашылар: Фарида Сырлыбай (Қазалы), Дана Алмасбай (Астана);
Қорғаушылар: Құндыз Қожахмет (Қазалы), Назым Айтмағамбет (Ембі), Анель Әділкенова (Астана), Айша Садықова (Шымкент), Дана Сұлтанбекова (Көкшетау), Лаура Оразметова (Ақтөбе), Ольга Волкова (Шымкент);
Жартылай қорғаушылар: Айдана Жәутікова (Ақтөбе), Мәдина Нұртазина (Көкшетау), Виктория Попкова (Шымкент), Мәдина Әмірбек (Шымкент), Арай Қожан (Шымкент), Ырысжан Құрманғали (Ембі), Настя Низамутдинова (Шымкент), Әсем Жақсымбай (Шымкент), Арай Орынбасар (Шымкент);
Шабуылшылар: Айдана Серікбай (Шымкент), Рано Ақбаева (Ембі), Аида Смағұлова (Астана), Анель Жасұлан (Көкшетау), Света Вахитова (Шымкент).
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: