Екі елдің әнұраны шырқалып, төреші ысқырығы естілді. Қытай футболшылары алаң қожайындары ретінде алғашқы минуттан басымдықты қолға алуға тырысты. Ойынның екінші минутында қауіпті шабуыл ұйымдастырды. Сәлден соң тағы бір шабуылды Қазақстан құрамасының қақпашысы Давид Лория қайтарды.
Жолдастық матч
7 маусым 2016 жыл. Далянь.
Қытай - Қазақстан — (0:1)
Гол: Нұрғалиев 68
Қазақстан: Лория, Малый, Ахметов, Қонысбаев (Сүйімбаев 45), Смақов (Тағыберген 88), Мұжықов (Досмағамбетов 90), Байжанов (Мұхитдинов 67), Нөсербаев (Мұртазаев 78 ), Шомко, Хижниченко (Нұрғалиев 59), Логвиненко
Қазақстан футболшылары алаңға бой үйреткеннен кейін, қарсыластың аймағында сенімді қимылдады. Сергей Хижниченко бағыттан соққына қақпашы әрең дегенде қайтарды. Қытай қақпашысы өз командасын голдан құтқару үшін біраз тер төкті.
Бірнеше уақыт өткеннен кейін Қытай футболшыла есеп аса жаздады. Алайда, Юрий Логвиненко жергілікті жанкүйерлердің қуануына жол бермеді. Қарсыластаың қақпасын Ұлан Қонысбаев та көздеген еді. Алайда, есеп өзгерген жоқ.
Бірінші таймның соңында Қытай қорғаушысы қақтығысып қалған Ұлан Қонысбаев ауыр жарақат алды. Екінші таймның басында жарақат алған Ұлан Қонысабаевтың орнына алаңға Ғафуржан Сүйімбаев шықты.
Талғат Байсуфинов шәкірттері ойынның екінші бөлігіне ширақ қимылдады. Ғафуржан Сүйімбаев соққысына қорғаушы кедергі болды. Гол соғатын тағы бір мүмкіндікті Мақсат Байжанов ұйымдастырды. Алайда, есеп ашылмады. Кездесудің 59-минутында Сергей Хижниченконы Азат Нұрғалиев алмастырды.
Біздің қақпашымен бетпе-бет шыға жаздаған алаң иелерінің шабуылшысын Юрий Логвиненко тоқтатты. Келесі шабуылда Қытай қорғаушылары Мақсат Байжановты құлатты. Самақ Смақов орындаған айып добы қақпадан биік кетті.
Матчтың 68 минутында Дмитрий Шомко допты айып алаңына жеткізеді, әрі қарай Юрий Логвиненко берген пасты Азат Нұрғалиев голға айналдырды. Есеп - 0:1. Қазақстан құрамасы алға шықты.
Қытай футболшылары асыққанымен, олардың әрекеттерінен түк шықпады. Есесіне алаң иелері ойын ережесін жиі бұзды. Ойынының аяқталуына 12 минут қалғанда Роман Мұртазаев Таңат Нөсербаевты алмастырды.
Кездесудің 83 минутында Қазақстан құрамасының қорғаушысы Елдос Ахметов екінші ескерту қағазын алып, алаңнан қуылды. Дегенмен, матч соңынан дейін Қазақстан құрамасы жеңісті есепті сақтап қалды.