ЖУРНАЛИСТЕР ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ЖҮЛДЕСІН САРАПҚА САЛДЫ
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай облыстағы БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан Жалағаш ауданы әкімінің ауыспалы кубогі турнирі өтті.
Турнирге облыс бойынша сегіз команда қатысты. Олардың қатарында "Баспасөз қызметі", "Меншікті тілшілер", "Қазақстан-Қызылорда", "Сыр медиа", "Сыр бойы", "Қоғам ТВ", "Жас журналистер" және Жалағаш ауданының командасы бар. Турнир биыл алғаш рет Жалағаш ауданында ұйымдастырылып отыр. Алдағы уақытта аталған жарысты дәстүрлі түрде өткізу жоспарланып отыр.
Бұл турнирде "Сыр медиа" ЖШС жанындағы "Сыр бойы" командасы үздік шықты. Олар өз тобында "Қоғам ТВ"-ны 6:1, "Қазақстан-Қызылорданы" 1:0 есебімен жеңіп, "Жас журналистермен" 1:1 есебімен тең түсті. Осылайша бұл команда жарыс ережесіне сәйкес ақтық сайысқа бірден жолдама алып, онда "Баспасөз қызметінен" 5:1 есебімен басым түсті. Үшін орын "Жас журналистерге" бұйырды. Жеңімпаз командалар аудан әкімінің алғыс хаттары, бағалы сыйлықтармен және арнайы кубокпен марапатталды.