"Қайсар" футболшылары Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды
9 мамыр, яғни Жеңіс күні мерекесінде «Қайсар» футбол клубының ойыншылары Қызылорда қаласындағы шеруді тамашалап, Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды. Бұл жөнінде "Қайсардың" баспасөз қызметі мәлім етті.
«Ешкім де ұмытылмайды. Ешнәрсе де ұмыт қалмайды» деген ұран сөзді ұстанған футболшылар 1941 және 1945 жылдар аралығында сұрапыл соғыстан қаза тапқан майдангерлердің рухына тағзым етіп, ардагерлердің қолдарын алып алғыстарын айтты.