2 маусымда Қызылордада КСРО спорт шебері Д.Смайловты еске алуға арналған еркін күрестен 2002-2004 жылдары дүниеге келген жасөспірімдер арасында республикалық турнир басталды.
Биыл сегізінші мәрте ұйымдастырылған турнирге Алматы, Ақтөбе, Жамбыл және Қызылорда облыстарынан 15 команда, 200-ден аса спортшылар қатысуда.
Жарыс ұлдар арасында 9 салмақта, қыздар арасында 8 салмақта өтуде. Алғашқы күннің қорытындысы бойынша жеңімпаз спортшылар: